#Ашық сабақ

«Әулие ағашы» — табиғаттың таңғажайып тартуы

Əлемде тылсым қасиетке ие, біз біле бермейтін, өзіндік ашылмаған, бəлкім ашылмайтын да, адамзат үшін ойға қонымсыз, өзіндік сырлары мен құпиясы бар тау мен тастар, үңгірлер мен өзіндер, бір сөзбен айтқанда табиғаттың таңғажайыпқа толы мекендері өте көп. Соның ішінде Қазақстанда да дүние жүзінде кездесе бермейтін немесе əлемнің 2-3 жерінде ғана кездесетін табиғи тамаша орындары бар. Олардың бірі жеті ғасырдан астам тарихы бар, жеті адамның құшағы əрең жететін қасиетті «Əулие ағашы».
Киелі ағаш Мекке де, Қытайда жəне Қазақстанда ғана кездеседі екен. Ол Алматы облысы Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулие-ағаш ауылы маңында өседі . Аңыз бойынша Жеті әулие баба осы жерге келіп түнеген екен. Бұл ағаштың қасиеттілігі сол жеті ғасырдан бері солмай өсіп келеді және жан-жағына бір бағыт бойынша тарап өсетіндігі. Сондай-ақ ағашты ешкім арнайы өсірген жоқ деседі. Бұл киелі ағаш жайлы халық ауызында түрлі аңыз, əңгімелерді естуге болады. Соның бірі, бұл киелі ағаш Моңғол шапқыншылығы кезінде 1500 əскерді қалқалап жаудан аман алып қалған екен.

Одан бөлек Шормақ деген батырдың перзенті болмай сол елдің үлкен кісісі осы жерге келіп арнайы батыр үшін перзент сұрап, дұға тілеп түнейді. Сонда түсіне аян беру арқылы батырдың үш баласы болатынын, екеуі жақын арада, енді біреуі кейінірек дүниеге келетінін ескертеді. Аян бойынша дүниеге келген баланың есімін Ертас деп қоюын талап еткен екен.  Бір өкініштісі ер бала дүниеге келгенде аян бойынша қойылған есімін ұмытып қалады. Содан кейін, амалсыздан Ақпұшық деп қояды , көп уақыт өтпей сәби шетінеп кетеді делінген. Кейін үлкен кісінің түсіне кіріп, “сен баланың есімін біз айтқандай етіп қоймадың, сәби саған керек болмаса бізге керек, біз алып кеттік” деген аян қалдырған екен.

Сонымен қатар, осы ағаштан жеті ағаш тарап тұр. Яғни, ерекшелігі сол бір түптен жеті ағаш өсуі, бұл басында айтып кеткен жеті әулиені меңзеп тұрғандай. Ағаштың суы түрлі ауруларға ем болып саналады. Әсіресе, тері ауруларына таптырмас шипа. Бұл зерттеліп дәлелденген дүние.

Бұрындары ағаштан кең көлемде су ағып тұратын, кейін келе бітеліп қазір аз ғана сығырайып ағатын болыпты.Осы жердің қасиеттілігін біліп қолға алу 1999 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған екен. 2013 жылы АҚШ-тан құрамында 123 адамы бар арнайы бір топ ғалымдар келіп, ағаштың қабығын алып зерттеуге тырысып, бірақ аппараттары жұмыс істемей анықтай алмаған көрінеді. Кейіннен 2017 жылы Италиядан арнайы биолог маманын шақыртылған көрінеді. 7 ғасырдан астам уақытты артқа тастаған қасиетті ағашқа күтім жасау мақсатында бірнеше дəрі дəрмектер қолданылған.

Қазіргі таңда бұл киелі ағашқа дұға тілеп ниеттеніп келетін адамдардың саны артуда. Перзентсіздер перзент сұрап, жолсыздар жол сұрап келеді. Әулиелік жолға түсіп, бойына кие қонған адамдар осы жерден өз-өздерін тауып жататын көрінеді.
Осындай киесі мен иесі көп қасиетті орындар, еліміздің түкпір түкпірінде кездесіп жатады. Ендігі біздің парыз, сол атаның көзі болып қалған құдіретті мекендерді, көзіміздің қарашығымыздай етіп сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу.

Leave a comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *