#Сабақ жоспары

Алкадиендер. Алкиндер

Модуль атауы:химияКолледж №8                        педагогтің аты-жөні: Омарова Лаззат Шабазқызы
Топ:      
Күні:—      
№85-86Сабақтың тақырыбы: Алкадиендер. Алкиндер.
Сабақтың түріТүсіндіру сабағы (жинақтау)
 Сабақтың мақсатыҚанықпаған көмірсутектерден алған білімдерін қолдана отырып, алкадиендердің құрылысын, қасиеттерін, жеке маңызды өкілдерін сипаттауға, бірі бірімен салыстыруға үйренеді.
Оқыту нәтижесі — Алкадиен, алкин тақырыбын тұжырымдайды;                                                                                                        еселі байланыстың түзілу құрылысын жинақтайды- Алкадиен мен алкиннің гомологтік қатарын құрастырады- Гомологтік қатарда алкиндердің физикалық химиялық қасиеттерін қарастырады- Алкадиен мен алкиннің алыну жолдары мен химиялық қасиетіне есеп шығара біледі- Алкадиендердің қоршаған ортаға әсерін тұжырымдайды
Пәнаралық байланысМатематика (есеп шығару) 5.2.1.1 қосу және көбейту амалдарыАрнайы пәнмен  (газбен дәнекерлеу)
АКТ дағдыларыБейне көрсетілім
Оқу-әдістемелік құралдар:М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019. 11 сынып Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов,  Р. Жұмаділова, «Химия» оқулығы 11сынып Алматы «Мектеп» 2015ж
Сабақ барысыҰйымдастыру кезеңі:Үй тапсырмасын сұрау:Алдыңғы білімді еске түсіру: «Миға шабуыл» әдісі 1. Полимер деген не?2. Полимерлену механизмі қалай жүреді? 3. Полиэтиленнің қолдануы?4. Мономер мен полимер буындарының айырмашылығғын түсіндіріңіз? 5. Макромолекулалар дегеніміз не? (Үй жұмысын талқылай алады -Идеяларын алмастырады -Мәтінге, проблемаға талдау жасайды -Өзгелердің ойын ескеріп қорытынды жасайды)»Үшбұрыш» әдісі (үшбұрыштың түстерін таңдау арқылы үш топқа бөлінеді,) 1-топ Алкадиендер2-топ Каучук Резеңке3-топ Алкиндер ( ацетилен көмірсутектер)I.Жаңа сабақты игеру.  Мәліметпен жұмыс.  Алкадиендер — қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі. Жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.Қос байланыстың саны екеу болғандықтан, -диен деп аталады.Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі пропадиен (аллен) СН2 = С = СН2.                  H2C = C = CH — CH2 — CH3 Практикалық маңызы зоралкадиендер. Олар: бутадиен-1,3 (дивинил С4Н6),   Н2С=СН — СН=СН2 жәнө 2-метилбутадиен-1,3 (изопрен).Диендердің физикалық қасиеттері.формуласыАтауы Температуралары, 0CБалқу                 ҚайнауТығыздығы, г\см3СН3-СН=C= СН2СН2=СН- CH= СН2СН3-СН-CH=СН- CH= СН2Бутадиен -1,2Бутаден -1,3 (дивинил)Пентадиен -1,3-136,2                    + 10,  -108,9                      -4,5 -87,5                     +43,00,69400,62700,6760Алкадиендердің химиялық қасиеттеріМолекулаларында қос байланыстары болғандықтан, диендердің химиялық қасиеттері  қосылу және полимерлену реакциясына  оңай түседі.Қосылу реакциялары : Алкадиендер галогендерді,  галогенсутекті қосыпалады. СН2═ СН-СН═СН2 +Вr2 → СН2Вr-СНBr — СН═СН2(3,4-дибромбутен-1)Полимерлену реакция нәтижесінде каучук тәрізді жоғары молекулалы заттар түзіледі.Бутадиен-1,3-тің полимерлену реакциясы:… СН═ СН- СН ═ СН2 + СН2  ═ СН- СН ═ СН2 …→… СН═ СН- СН ═  СН2   —  СН2  ═ СН- СН ═ СН2…`      полибутадиен молекуласының үзіндісіАлкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы. Дивинил (бутадиен-1,3) Н2С = СН — СН = СН2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ. Мұнайды өңдегенде түзіледі   Синтездік каучуктар (бутадиен, бутадиен-стирол, бутадиен-нитрил) латекс, пластмасса, т.б. заттар өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі.Көксағыздар табиғи және синтездік болып бөлінеді.    Табиғи көксағыз( Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады) кейбір өсімдіктердің (Қазақстанда тау сағызы) сүтті шырынында болады. Табиғи көксағыз ыстықта жұмсарып жабысқақ,ал суықта қатайып морт сынғыш болады.Көксағызды күкірт қосып вулканизациялап, резеңкеге айналдырады. Көксағызбен  резеңке күнделікті тұрмыс пен техникада кең қолданылады.  Күкірт резеңкеге мөлшерден көп қосылса қаты зат эбонитке айналады. Синтездік көксағызды бірінші ашқан Лебедев Сергей Васильевич (1874-1934) Орыс химигі, академик.   Металл натрий қатысында бутадиен-1,3-ті полимерлеп, синтездік каучук (1928 жылы) алды. Каучуктан резеңке және резеңкеден жасалған бұйымдар алу әдісін ашты (1930 жылы). Дүниежүзінде алғаш рет бұрынғы КСРО-да 1932 жылы Лебедев тәсілі бойынша синтездік каучук өнеркәсіпте өндіріле бастады.Алкиндер:Молекуладағы құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер ацетиленді көмірсутектер немесе алкиндер деп аталады.  Алкиндердің жалпы формуласы C n2n-2 
Алкиндерді халықаралық атаулар жүйесі бойынша атау үшін —ин жұрнағы жалғанып аталады. Мысалы: бутин-1 CH ≡ CH — CH2 — CHАлкиндердің бірінші мүшесі ацетилен С2Н2. Ацетилен молекуласы электрондық формуласы: Н:С::С:Н           Құрылымдық формуласы  Н-С=С-ННС=С-СН2-СН3    бутин-1 НС=С-СН2-СН2-СН3    пентин-1АлынуыӨнеркәсіпте ацетилен табиғи газдан алынады. 2СН4 15000 .С2Н2+3Н2Зертханада карбидті әдіс қолданылады. https://www.youtube.com/watch?v=xADw3y2KlB8СаС2+2Н2О С2Н2+Са(ОН)2Физикалық қасиеттері. 
Алкиндердің бірінші мүшесі ацетилен түссіз, иіссіз газ, суда нашар ериді. Гомологтық қатардың салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты қайнау және балқу температуралары артады. Алкиндердің бастапқы үш мүшесі газдар, СН8— нан бастап сұйық заттар, ал жоғары алкиндер C16H30 – қатты заттар. 
Химиялық қасиеттері. Алкиндердің көптеген химиялық қасиеттері алкендерге ұқсас. 
1. Сапалық реакциялары. Алкиндер калий перманганаты қатысында тотығады және бром суын түссіздендіреді: 
CH≡CH+Br2 → CHBr=CHBr 
1,2-дибромэтен 
Ацетиленге сүтектің қосылуы өртшіткі қатысында қыздыру арқылы жүруде.CH≡CH+Н2 → СH2 =CH22СН2+5О2 → 4СО2 +2Н2ОҚолданылуы.  Ацетилен металдарды кесу және дәнекерлеу үшін пайдаланылады. 
Өнеркәсіпте ацетиленнен сірке альлегиді, сірке қышқылы, этил спирті, синтездік каучук, пластмассалар және т.б. көптеген заттар алынады. ІV. Жаңа сабақты бекіту үшін есептер мен жаттығуларды орындаймыз.Алкадиендер тақырыбына есептер мен жаттығулар
№1топ тапсырмасы: Изомериясы және номенклатурасы (атауы)№1 тапсырма: Жүйелік номенклатура бойынша атауын беріңіз.         1             2           3       1)    CH2=C = CH32)       1             2           3          4         CH3-CH2-CН=CH23)    1           2         3             4           5      CH=C = CH2-CH2-CH3 №2 тапсырма: С5Ндиен көмірсутектің барлық изомерлерін жазып ,аттарын атау керек.
№3 тапсырма: Атауы бойынша құрылымдық формуласын құрастырыңыз а) пропин,        в) бутин-2,      с) 2,2-диметилгексин-3,    д)3,4-диэтилгексин-1  2 топ  тапсырмасы: Химиялық қасиеттері№1 тапсырма :а) 1,4-пентадиенге; б) 2-метил-1,4-пентадиенге;в) 1,5-гексадиенге;г) 3,3-диметил-1,4-пентадиенге бромның бір молекуласының қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Түзілген заттарды атау керек.Осы заттарға сутегінің сатылап қосылу реакциялары теңдеулерін жазып, алкендермен алкандарды атау керек.
 №2 тапсырма: Берілген айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдарТірек сөз реакция теңдеуін құру , аяқтауГидрленуCH ≡ C—CH₃ + H₂→ГалогендеуC₂H₂+Cl₂→ГидрогалогендеуCH ≡ C—CH₃+HBr→ГидратацияСН ≡ СН + НОН  →ПолимерленуСН ≡ СН + СН ≡ СН + СН ≡ СН  → Тотығу(жану)C₂H₂+O₂→Сапалық  реакцияСН ≡ СН + КМnО4 → №3 тапсырма:  Мына айналымды орындаңыз: CaCO₃→CaC₂→CH ≡ CH→ CH₃—C О  H                                                             № 3топ. тапсырмасы Алынуы қолданылуы№1 тапсырма: «Аяқталмаған сөйлем» сөйлемді аяқтаңызМолекула құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер…..деп аталады.Алкиндердің жалпы формуласы……Алкиндердің қарапайым өкілі….(…) С2Н2. Бірінші мүшесі ацетилен болғандықтан,алкиндер… ….деп атайды.Өнеркәсіпте ацетиленді … …алады.Жауаптары:алкиндер,С2Н2n-2,этин(ацетилен),ацетилен көмірсутектері,табиғи газ.(тақтада көрсетіледі)№2 тапсырма: Хлорпрен  оңай полимерленіп ,хлорпрен көксағызын түзеді.18 моль хлорпреннен   алынатын  полимер.           №3 тапсырма: 0,4 моль ацетиленді толық гидрлегенде этанның қандай көлемін алуға болады?Рефлексия «Таңдау әдісі» слайдпен көрсетемін.Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,тақтаға жабыстырады                                                                                                                                          V. Бағалау.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.
VI. Үйге тапсырма: Ғаламтордан «С.В.Лебедевтің ғылыми еңбектері» туралы мәлімет қарау

Leave a comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *